Валюта болжамы: 25 маусым – 29 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (25 маусым – 29 маусым).

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасының кезекті шиеленісі - abctv.kz дайындаған сарапшылардың апта сайын талқылайтын валюта болжамының негізгі тақырыптарының бірі болды. «Альпари», «ФИНАМ» және «Телетрейд Групп» компанияларының сарапшылары өз болжамдарында Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресінің дамушы елдер валютасына әсер етуі жайын сөз етті.

Валюта бағамын қалыптастыруға әсер етуші басқа триггер - соңғы аптада ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемін арттырудың ықтимал нұсқаларын талқылауы барысында төмендеген  мұнай бағасы болып қала бермек. Мұны «Альпари», «ФИНАМ» және Gerchik&Co компанияларының сарапшылары айтты.

Сарапшылар алдағы аптада валюта бағамын қалыптастыруға әсер ететін басқа факторлар ішінде Ұлттық банктің теңге бағамының жаңа девальвациясы болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды («Альпари»). Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айырбас бағамының тұрақты дәлізіне қызығушылық танытуы туралы мәлімдемесін (Gerchik&Co) ерекше атап кетті. Сарапшылар доллар индексінің одан әрі нығаюы мүмкін екеніне (Gerchik&Co) және ФРЖ-ның монетарлық саясатының күшеюуіне («Телетрейд Групп») де тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

25 маусым – 29 маусым

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының ушығуы тек дамушы елдердің валютасына ғана емес, сонымен қатар қор нарықтарына да кері  әсерін тигізді. Brent  маркалы мұнай бір апта ішінде 3,1%-ға арзандап кетті, ал бұл «мұнай» валюталарына, әсіресе, рубль мен теңгеге жағымсыз әсер етті. Қазақстанда Ұлттық банк теңгенің жаңа девальвациясы болуы мүмкін деген сыбысты жоққа шығаруға міндеттелген мәлімдемені жариялады. Ұлттық банктің баспасөз баянында теңге бағамы үшін нақты және елеулі қауіп жоқ, ал доллар бағамының өсуі жазғы маусымдық демалыспен және валютаға деген сұраныстың артуымен байланысты деп көрсетілген. Алайда 16 маусым күні жасалған мәлімдеме теңге бағамына әсер етпеді, мүмкін таяу күндерде қазақстандық валюта бағамының төмендеуі тоқтайтын шығар.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 337-3341 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,33-5,35 теңгеге дейін өзгереді деп отырмыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

25 маусым – 29 маусым

ОПЕК-тің мұнай өндіру квотасын арттыруы қазірдің өзінде мұнай мен рубль бағасына қосылып қойған. 

Daimler AG концернінің Вашингтон мен Қытай арасындағы сауда қарсылықтары салдарынан биыл табыс төмендеуі мүмкін деп айтқанынан кейін өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық биржа көрсеткіштері төмен болды.

S&P500 нарығының индексі 0,63%-ға төмендеп, сауданы 2749,76 көрсеткіш белгісінде жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,80%-ға төмендеген, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,88% жоғалтқан. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы төрт базистік көрсеткішке 2,9%-ға дейін төмендеді. MSCI Emergingmarkets индексі 1,1%-ға түскен.

Bloomberg-тің хабарлауынша, Ақ үйдің кейбір жоғары лауазымды шенеуніктері  сауда соғысын болдырмау үшін Қытаймен арадағы келіссөзді жандандыруға тырысуда. Алайда әкімшілік ішіндегі қарсыластар Бейжіңді жазалауды қалайды.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 1,44%-ға төмендеп, ОПЕК-ке мүше елдер мониторинг комитеті шеңберінде алдағы саммитте  мұнай өндіруді күніне 1 млн-нан 1,5 және 1,8 млн баррельге дейін арттыруды қарастырып жатқаны туралы ақпарат негізінде сауданы 73,24 доллар бағасында жапты.

Картел отырысы қарсаңында және оның одақтастарынан алдағы кездесу қорытындысының нұсқалары қандай болатыны жайлы көптеген ақпарат түсті. Оның ішінде мұнай өндіруде көш бастап тұрған – Ресей, Саудия сияқты елдердің жоғары лауазымды шенеуніктері пікір білдіріп, нарықты алдағы шешімге дайындауда.

Тап қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бір баррель үшін 73 доллар шамасында қолдау көріп, ойыншылардың алдағы кездесуден жағымсыз нәтиже болуы мүмкін дегенін жоққа шығарды. Алайда егер ОПЕК мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн-нан 1,5 млн-ға дейін арттыруға шешім қабылдайтын болса, онда мұнай бағасы қазіргі бағадан шамамен 3-4 доллар жоғалтуы мүмкін. Дегенмен жазғы уақытта мұнай бағасы өндірушілер үшін қолайлы 70-80 доллар шамасында болады. 

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,1-5,4 теңге, долларға қатысты бағамы 325-328 теңге және еуроға қатысты бағамы 391-395 теңге болады деп болжап отырмыз.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

25 маусым – 29 маусым

Мұнай бағасы құлдырауының жалғасуы, сондай-ақ доллар индексінің одан әрі нығаю мүмкіндігі – теңгенің долларға қатысты бағамының әлсіреуі ықтимал екенін көрсетеді. KASE-дегі сауда көлемі өткен аптада орташа деңгейден жоғары болуы - ойыншылардың табысты тиянақтауын, сондай-ақ жағдайға Ұлттық банктің араласуын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының айырбас бағамының тұрақты дәлізіне қатысты қызығушылығы туралы мәлімдемесін де ескерген жөн. Бір доллар 339-345 теңге шамасында болып, төмендейтінін болжап отырмыз.

Ресейлік рубльге қатысты болжам бір рубль үшін 5,1-5,4 теңге.

 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

25 маусым – 29 маусым

Экономикасы дамып келе жатқан елдердің валютасы үшін жағымсыз үрдіс жалғасатын сияқты. Инвесторлар нарықтың осы сегментіндегі активтерден шығуын жалғастырады, өйткені ФРЖ-ның монетарлық саясатты күшейту және пайыздық мөлшерлеменің өсуі жағдайында портфелді тең ұстап, тәуекел деңгейін азайтуы қажет. Процесті әлемдік экономиканың құлдырауын көрсететін нашар макроэкономикалық мәліметтер, сауданың төмендеуі, әлсіз корпоративтік есептер сияқты әртүрлі факторлар күшейте түседі. Қазақстан үшін маңызы зор тағы бір фактор – бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы. Егер бұл шиеленіс ширыға түсетін болса, онда бұл  қытайлық ЖІӨ-ге кері әсер ететіні айдан анық, ал бұл шикізатқа деген жаһандық сұранысты төмендетеді. Осы ортамерзімді және ұзақмерзімді беталыстар қазақстандық теңгенің тағдырын белгілейді.

Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіз болып қала бермек. USD/KZT жұбы 345 теңге шамасында болуы мүмкін. Теңгенің еуроға қатысты бағамы шамамен 400 теңге болады. Ал рубльге қатысты бағамы 5,2 теңгеден 5,5 теңге шамасында қалады.

25 маусым – 29 маусым

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу